Қазақстандықтар Жаңа жылда қалай демалады

Опубликовано
Бұл жөніндегі үкімет қаулысы жарияланды

Жаңа жылдық мерекелер кезінде қазақстандықтар қаңтардың 1-не 4-не дейін төрт күн қатарынан демалады. Бұл турасында үкіметтің қаулысында айтылған деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Демалыс күндері төмендегідей өзгертілсін: — 2020 жылғы жексенбі 5-қаңтардан 2020 жылғы жұма 3-қаңтарға; — 2020 жылғы дүйсенбі 11-мамырдан 2020 жылғы жұма 8-мамырға; — 2020 жылғы жексенбі 20-желтоқсаннан 2020 жылғы жұма 18-желтоқсанға. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді», — делінген ҚР үкіметінің 2020 жылғы демалыс күндерді ауыстыру туралы қаулысында.

Естеріңізге салсақ, қазақстандықтар 2019 желтоқсанда 12 күн демалатын болады. Бұл туралы мерекелік даталар күнтізбесінде айтылған. 

Қазақстандықтар желтоқсанды мерекеден бастайды: 1-желтоқсан мемлекеттік мереке – Бірінші Президент күні. Бұл дата жексенбіге келетіндіктен, ел тұрғындары 2-желтоқсанда демалатын болады. Тәуелсіздік күнін қазақстандықтар 16-17-желтоқсан күндері тойлайды (ол күндер тиісінше, дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр)

Читайте также