Қазақстанның алтын-валюта қоры бір жылда 1,6 пайызға артты

Опубликовано
Алтын қоры бойынша еліміз әлем елдері арасында 16-орында тұр

Қазақстанның халықаралық резерві  биыл қазан айында 29,5 млрд долларды құраған. Ол 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, (29 млрд доллар) 1,6% артық, деп хабарлайды FinProm.

Қордың валюта бөлігі бес жылдан бері төмендеп, биыл қараша айында $11,2 млрд көлемінде қалыптасқан. 

Ал алтын бөлігі жыл сайын өсіп келеді. Соңғы 5 жылда алтын-валюта қорындағы алтынның үлесі 7 млрд доллардан –18,3 млрд долларға дейін өскен. Осылайша халықаралық резервтегі алтын мен валютаның үлесі 62 және 38 пайыз көлемінде қалыптасып отыр.

Әлемдік нарықта 1 унция алтын бағасы қазан айында 1506,4 доллар болды, ал бір ай бұрын ол 1487,6  долларға сатылған. Жыл басынан бері бағалы металдың құны 17,5 пайызға қымбаттаған. Ал 2018 жылдың қазан айындағы бағамен салыстырсақ, 23,7 пайызға өскені байқалады.  

Былтыр Қазақстан алтын сатып алу бойынша алғашқы үштікке енді. Ресей мен Түркиядан кейін келе жатқан Қазақстанның алтын қоры бір жылда 50,6 тоннаға өскен.

Сонымен қатар, Қазақстан алтын-валюта резервіндегі алтын қоры бойынша әлем елдерінің арасында Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания сынды елдерді басып озып, 16-орынға тұрақтаған.

Читайте также