Қазақстандықтар депозитке қанша ақша жинақтаған

Опубликовано
Қаржы реттеушісі 2019 жылғы қазанның қорытындылары бойынша депозит нарығы туралы айтып берді

2019 жылғы қазанның соңында депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің көлемі 18,777 трлн теңгені құрады, соңғы айда ол 3,7%-ға артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері 6,1%-ға артып, 9,973 трлн теңгеге, жеке тұлғалардың депозиті 1,1%-ға артып, 8,803 трлн теңгеге дейін жеткен. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 1,6%-ға артып, 10,381 трлн теңгеге, шетелдік валютада – 6,3%-ға артып, 8,396 трлн теңгеге жеткен. 2019 жылғы қазанның соңындағы долларландыру деңгейі 44,7% (2018 жылғы желтоқсанда – 48,4%) құраған. 

«2019 жылғы қазақнда заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 1%-ға артып, 5,389 трлн теңгеге, шетелдік валютада – 12,8%-ға артып, 4,584 трлн тенгеге (заңды тұлғалар депозиттерінің 46,0%) жеткен. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 2,3%-ға артып, 4,991 трлн теңгеге, шетелдік валютада 0,5%-ға пайызға азайып, 3,812 трлн теңгеге дейін төмендеген (жеке тұлғалара депозиттерінің 43,3%)», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, мерзімді депозиттер көлемі 12,304 трлн теңгені құрады, бір айда ол 2,4%-ға артқан. Олардың құрамындағы ұлттық валютадағы салымдар 6,908 трлн теңгені, шетелдік валютада – 5,396 трлн теңгені құрады. 

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа сараланған сыйақы ставкасы 7,2%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 7,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,2% (10,4%) құрады.

Читайте также