«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сыртқы қарызы $1,7 млрд құрайды, жыл басынан бері ол 33%-ға қысқарды. Бұл турасында қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Интерфакс.
«Бұл компанияның сыртқы қарызына келетін болсақ, ол белгіленген ковенанттар шеңберінде. Қазіргі таңда оның мөлшері $1,7 млрд құрайды. Ағымдағы жылы ол үштен бірден астам сомаға қысқарды, валютадағы сыртқы қарыз 33%-ға қысқарды. Атап айтарлығы, қарыз 2043 жылға дейін алынған, оған қызмет көрсету бойынша ешқандай қиындықтар туындап отырған жоқ», — деді Смайылов үкімет қалтарысында.
Бұдан бұрын «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) компаниялары мен Air Astana авиакомпаниясының IPO-ға шығуы 2020 жылы күтіліп отырғаны хабарланған болатын, «Қазақстан Темір жолы» (ҚТЖ) компаниясы алғашқы орналастыруды, мүмкін, 2023 жылы жасайды.
«ҚТЖ – сәл кейінірек қосылады. ҚТЖ-да кейбір қиындықтар бар, сондықтан қазір біз бастама көтеріп, мерзімді сәл кейінірек, 2023 жылға шегерсек, деп отырмыз. Басқа компаниялар бойынша, 2020 жылы IPO-ға шығамызғ деп ойлаймын», – деді Әлихан Смайылов.