ҰЭМ бензин акцизінің құнын көтеруге қатысты пікір білдірді

Опубликовано
редактор отдела «потребительский рынок»
Әзірге, отын бағасын өзгерту бойынша нақты болжам жоқ

ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаменті директоры Азамат Амрин үкімет қалтарысында 2020 жылғы 1-қаңтардан бензин акцизін көтеруге қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі таңда бензин құнының акцизі сегіз теңге, бензин бағасы 150 теңге тұрады. Біз акциз ставкасын 10500 теңгеден 24435 теңгеге дейін көтереміз (бір тоннасы үшін). Акциз 18 теңгеге (бір литр үшін) дейін өседі», — деді Амрин.

Мұндай өзгеру бензин бағасының, шамамен, 6% -ға артып, 150 теңгеден 160 теңгеге дейін көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Алайда Амриннің айтуынша, ҰЭМ-де бензин құнының өсуі бойынша нақты болжам жоқ, өйткені баға нарық заңдары бойынша қалыптасады.

«Акциз — бензин бағасының жалғыз құрастырушысы емес. Біз сұраныс пен ұсынысқа негізделген нарықтық экономика құрып жатқандықтан, менің ойымша, осыған байланысты, бензин бағасы тікелей 10 теңгеге өсе қоймайды. Нарықтағы бәселелестікке байланысты әр компания бағаны өзінің маржиналдығына сәйкес белгілейді», — деді ол.

Спикер 2015 жылы осыған ұқсас акциз ставкасының өсуі орын алғанын, бірақ сол кезде бензин бағасының көтерілмегенін алға тартты. Бұл жолы бензин акцизінің өсуіне мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің ұлғаюы (мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының өсуі, атаулы әлеуметтік көмек алатындар санының артуы) себеп болды, сондықтан салықтар көлемі мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің өлшемі мен деңгейіне сай болу керек.

Естеріңізге салсақ, кеше ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенат отырысында бензин құнының арту мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын.
 

Читайте также