Қазақстанның ең көп табыс табатын аймақтары белгілі болды
Еліміздегі аймақтардың арасында ең жоғары табыс Алматы тұрғындарының еншісінде: 238,8 мың тг — республикалық деңгейден 35,8% жоғары. Бір жыл ішінде бұл сома 5,7%-ға өскен, деп жазады Finprom.kz.
Табыс деңгейі бойынша екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр: 230,5 мың тг, жылдық өсім 5,9%-ды құраған. Көш басындағы үштікті Қарағанды облысы қорытындылады: мұндағы табыс — 209,2 мың тг.
Сондай-ақ халық табысы бойынша аймақтардың топ-5-не Маңғыстау (203,8 мың тг) жШығыс Қазақстан (199,5 мың тг) облыстары кірген.
Жалпы, еліміздегі 17 аймақтың тек 9-ында ғана халық табысының сомасы республика бойынша орташа деңгейден асады.
Тұрғындарының табысы ең төмен өңірлердің қатарында Түркістан (105,3 мың тг), Жамбыл (134,6 мың тг) және Қызылорда (139,4 мың тг) облыстары жайғасқан.
Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанда табысы күнкөріс шегінен төмен тұрғындардың үлесі 4,5%-ды құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,6%-ға жеткен болатын.