Банки и финансы

Тоқаевтың Қазақстандағы экономикалық реформаларға толмайды

Президент мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын айтып өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев терең, тіпті, түбегейлі реформалар бағдарламасын жасау керек деді. 

«Реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдегенін мойындау керек. Бұны халықаралық және отандық сарапшылар да айтып отыр. Ел экономикасының терең, тіпті, түбегейлі реформалары бағдарламасын дайындау маңызды деп санаймын. Бізге негізгі проблемалар мен оларды шешу тетіктерін айқын байқататын жаңа экономикалық бағыт қажет», – деді ол 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде.

Оның айтуынша, бұндай реформалар ерік-жігерді, батылдықты талап етеді.
«Үкімет осы үдеден шығуы керек, басқа жол жоқ» деген Тоқаев мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтуді тапсырды. 

«Қазіргідей халықаралық бәсеке заманында және халықтың қойып отырған әділетті талап-тілегін ескере отырып, бұлай жұмыс істеуге болмайды. Президент әрқайсыңның желкеңнен бақылап, әр шенеуніктің өз міндетін жақсылап атқаруын, әр бағдарламаның толық жүзеге асуын бір өзі қадағалап отыра алмайды. Сондай-ақ, премьер-министрдің де міндеті бұл емес, оның алдына қойылған міндеттері мүлдем басқа»,– деді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың еңбегі нәтижелі және жылдам болуы қажет деп айтып өтті. 

«Сонда ғана біз алдыға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Ең алдымен бұл – көптеген жұмыс орнын ашу және лайықты еңбекақымен қатамасыз ету арқылы халықтың әл-ауқатын жақсату», – деді президент.