Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздегі ең төменгі еңбекақы көлемін көтеруді ұсынды.
«Бірінші – бұл халықтың табысы. Еліміздегі орташа еңбекақы 181 мың теңге… Біз еңбекақыны көтеруге тиіспіз. Егер мемлекеттік ұйымдар, бюджеттік ұйымдар еңбекақыны көтеретін болса, жеке сектор бойынша, біздегі реттеуші фактор – ең төменгі еңбекақы. Ол бізде 42 мың теңгені құрайды. Ал бұл өте аз», — деді ол 29-қаңтарда парламент сенатында өткен дүңгеле үстел басында.
Оның айтуынша, ТМД елдерімен салыстырғанда, Қазақстандағы ең төменгі еңбекақы сомасы тек қырғыздардағыдан ғана жқоғары, ал басқалардан артта қалып отыр.
Министр әлемдегі тәжірибеге сәйкес, ең төменгі еңбекақы мөлшері елдегі орташа еңбекақының 46-50%-н құрауға тиіс екенін атап өтті.
«Біз ең төменгі еңбекақыны көтеруге тиіспіз. Біз ол шараларды қолға алып жатырмыз. Бізде еңбекпен қамтылған 8,7 млн халық бар, олардың ішіндегі 6,5 млн адам жылына бір рет болса да жинақтаушы жүйеге (зейнетақы) жарна төлейді. Олардың ішіндегі 1,6 млн адам 1-5 рет төлейді», — деген Нұрымбетов, сонымен бірге, көптеген кәсіпорындардың өз еңбеккерлері алдында берешегі бар екенін атап өтті.