Қазақстандықтар мемлекетке 500 млн теңге сомасындағы АӘК-ті қайтарды

Опубликовано
Старший корреспондент отдела Business News
Бердібек Сапарбаев атаулы әлеметтік көмекті ережені бұзып алғандар ақшаны қайтаруға тиіс деген пікірде

Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев 30-қаңтарда мәжіліс депутатарымен кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) ережені бұзу жолымен алған қазақстандықтар мемлекетке 500 млн теңгені қайтарды, деп мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменованың айтуынша, республика бойынша АӘК-ті артық төлеу сомасы 2,4 млрд теңгені құрайды екен. 

«Әрине, тұрғындар бұл мәселені жиі көтереді, өйткені әр ауданда 100-200 адам түрлі себептер бойынша атаулы әлеуметтік көмек бойынша артық төлем алған, ал бұл, өз кезегінде, әлеуметтік шиеленіс тудырады, өйткені елді мекендерде мұндай адамдар өте көп. Осыны реттеу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?» – деп сұрады ол.

Бердібек Сапарбаев адамдардың барлығы заңға бағынып, оны бұзбау керектігін алға тартты. 

«Кім заңнаманы бұзса, ол тиісінше, заң алдында жауапкершілікке тартылады. Мен өз сөзімде, өкінішке қарай, мұндай фактілердің орын алғанын айтқан едім. Біз тиісті тексеру жүргіздік, оның нәтижелері бойынша 75 мың отбасы өз табысын жасырған», – деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, ереже бұзу жолымен АӘК-ті алғандар оны өз еркімен қайтарып бермесе, ақша сот арқылы мәжбүрлі түрде өндіріліп алынатынын айтты.

«Қазіргі таңда бюджетке 500 млн теңгеге жуық қаржы бюджетке қайтарылды. Егер осы отбасылар ақшаны өз еркімен қайтарса, оларға ешқандай кінә қойылмайды — атқарушы органдар кестенің келісілген нұсқасын дайындайды. Ал егер олар бас тартатын болса, онда оларды сот арқылы мәжбүрлейтін боламыз», – деді сөзін түйіндеген Сапарбаев.

Читайте также