Ресурсы

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады

Жылу ауа-райына байланысты тоқтатылады

Алматы қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жылу энергия кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин жылыту маусымы қашан аяқталатынын хабарлады.

Жылу ауа-райына байланысты тоқтатылмақ.

«Алматыда бес тәулік бойы орташа ауа температурасы 8 және одан да жоғары градуста болған жағдайда жылыту маусымы аяқталады. Әкімдік соған орай қаулы шығарады. Қазір түнде +3 көрсетіп жүр. Бүгін күндіз +5,+7 болды. Карантин кезінде және қазіргідей ауа райында алматылықтарды жылусыз қалдыруға болмайды», — деді Ян Гирин.