Қытайда пневмонияның жаңа түрінен төртінші адам қайтыс болды

Опубликовано
Ауруханада осы дертке шалдыққан 169 пациент жатыр

Қытайдың Ухань қаласында пневмонияның жаңа түрін жұқтыртқан төртінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық  сақтау мәселелері жөніндегі муниципалдық комитет.

Хабарламаға сәйкес, төртінші қайтыс болған адам – сырқат белгілері 13-қаңтарда тіркелген, 89 жастағы ер адам.
Қазіргі таңда Ухань ауруханасында пневмонияның жаңа түрі анықталған169 пациент жатыр, олардың ішідегі 35 науқас ауыр жағдайда.
Бұған қосарымыз, дертті жұқтыртқандардың көпшілігі Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарында жұмыс істейтіндер. Лондон Императорлық колледжі жанындағы Жұқпалы дерттердің ғаламдық сараптамасы орталығының ақпаратына сәйкес, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың әлеуетті саны 1,7 мың адамнан асуы мүмкін.
 

Читайте также