Қазақстанда 8 мыңға жуық адам ұсталды

Жарияланды
Алматыдағы екі базардан 207 адам ұсталған

10 қаңтардағы жағдай бойынша, ішкі істер органдарына 7939 адам жеткізілді, деп хабарлайды ІІМ жедел штабы.

Алматыда Ұлттық Ұланның және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысуымен өткен жедел іс-шаралар кезінде екі базардан 207 адамды ұсталған. 

Ұрланған 5 автомобиль, ұрланған тауар-материалдық құндылықтар (жаңа компьютер процессорлары, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленген. 

Еліміздің Батыс өңірінде басталған газ бағасының қымбаттауына қарсы бейбіт шеру ел аумағындағы жаппай наразылық шарасына ұласты. Бұл жайтты пайдаланған террористік күштер бүкіл елде ылаң салды. Қазақстан аумағында үшін 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай жарияланып, ірі қалаларда антитеррористік операциялар жүріп жатыр. Кешкі 11 мен таңғы 7 аралығында комендаттық сағат енгізілген. 
 

 

Сондай-ақ оқыңыз