Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 800 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алу көзделген, деп хабарлайды Kursiv.Мedia үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы қаладағы 22 бригаданың және ауылдық жерлердегі 14 бөлімшенің жұмысын үйлестіреді. Олар 510 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Әр бригада тәулігіне орта есеппен 16 шақыртуға шығады. Жыл сайынғы шақыртулар саны 100 мыңнан асады.
Құрылыс қашан аяқталады
Жалпы аумағы 1,5 гектар болатын кешеннің құрамына төрт қабатты негізгі ғимарат, цифрлық диспетчер қызметі, симуляциялық орталық, 20 санитариялық автокөлікке...