Алматыда бір күнде 1200-ден астам адам ұсталды

Жарияланды
Тағы бірнеше аудан қарақшылардан тазартылды

Өткен тәулікте Алматыда лаңкестік әрекеттерге, тонаушылыққа және басқа да қылмыстарға қатысты деген күдікпен 1237 адам ұсталды, деп хабарлады қала комендатурасы.

Қаңтардың 11-і күні таңертең Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының учаскелері, «Өжет» шағын ауданы, Алматы халықаралық әуежайына іргелес тұрғын үйлер алаптары қарақшы топтардан тазартылды.

31 дана атыс қаруы мен 1428 оқ-дәрі тәркіленді.

Бақылау бекеттерінде жедел қызығушылық танытқан 38 адам ұсталды. 102 панеліне 608 хабарлама түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 253 дабыл түскен. 

Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды. Алматыда лаңкестікке қарсы арнайы операция жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз