2022 жылы әділет саласында қандай өзгерістер болмақ?

Жарияланды
Сот жұмысы цифрланады

Әділет министрлігі 47 мемлекеттік қызметі электрондық форматқа ауыстырған. Жалпы, жыл басынан бері 4 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Олар смартфон арқылы қол жетімді болған. 2020 жылы «eGov mobilе»-да барлығы 16 қызмет болса, қазір басқаларын қосқанда қосымшада қызметтер саны 31-ге жетті. 

«Цифрлық ипотека» цифрлық пилоты ішінара блокчейн технологиясын қолдана отырып басталды, енді азаматтар пәтерді құрылыс салушылардың сайтында таңдап, ипотекалық қарызды бірден рәсімдей алады. Бұған бірнеше компания және бірнеше банк қатысады. Нәтижесінде жылжымайтын мүлікті үш күннің ішінде сатып алуға және кепілге қоюға болады, бұрын бұл орташа есеппен бір айға созылатын. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік бойынша тіркеу мерзімі үш күннен бір күнге дейін қысқарды. Жеделдетілген тіркеу бір күннен 3 сағатқа дейін қысқарды. Мәміле жасалғаннан кейін меншік иесінің жеке кабинетіне жылжымайтын мүлік иесінің құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама келіп түседі» әділет министрі Марат Бекетаев. 

Бұдан басқа, азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ, «Egov» порталы арқылы жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт ала алады. Енді кез келген ХҚКО-да азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесінен дерек алу мүмкіндігі бар. Азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық мұрағаты шеңберінде аумақтан тыс қағидат енгізілді. 

Құжаттарды алу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру азаматтардың уақыт және қаржы шығындарын қысқартты. Бекетаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Сондай-ақ сот орындаушыларының жұмысын цифрландыру атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйесі (АӨО ААЖ) арқылы жүзеге асырылады. 2017 жылдан бері ол жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының сенімгерлік басқаруында. Палата жүйені дамыту шығындарын өз бетінше қаржыландырады. 

«Сот орындаушысына бармай-ақ қойылған шектеулерді тексеруге болады, сондай-ақ онлайн барлық қарыздарды төлеуге болады. Бұл жағдайда барлық шектеулер 30 минут ішінде алынып тасталады. Сондай-ақ, сот орындаушылары борышкерлермен байланыста болған кезде олардың әрекеттерін бейнетіркеуді қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл функция қазір әзірлену үстінде. Соның арқасында сот орындаушыларының қызметі ашық болады, сондай-ақ көптеген құжаттар жедел ресімделіп, ақпараттық жүйеге жүктеледі» деді министр.

Практикада көптеген жағдайда қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық іс сот сараптамаларының нәтижелеріне байланысты болады. Сараптама тағайындау және нәтижесін алу мерзімін қысқарту мақсатында «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі құрылған. 

«Жүйе «Е-қылмыстық іс» және «Төрелік» сотымен біріктірілген. Бұл тергеушілер мен судьяларға кеңседен шықпай-ақ сараптама тағайындауға мүмкіндік берді және сот сарапшыларына қаулыны әкелудің қажеті болмайды. Сондай-ақ, жүйе сараптама жүргізу барысын оның барлық сатыларында тұрақты бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл артықшылықтар іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзіміне әсер етті, нәтижесінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша өндірістің қысқаруына әкелді» деп түйіндеді ведомство басшысы.

Заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеу көзделген. Әзірлеуші – еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оны 2022 жылдың қазан айында Үкіметке және желтоқсанда Парламентке енгізуі тиіс. 

«Осы әлеуметтік кодекске ұсынылған тұжырымдамада бүгінгі күні нормативтік-құқықтық актілердің басым бөлігі әлеуметтік қолдаудың барлық шараларын, тетіктерін реттейтіні айтылған. Бұл атаулы әлеуметтік көмек беру бөлігінде де болуы мүмкін, ол жылдан жылға дамып келеді, бұдан басқа өзге де НҚА бір кодекс шеңберінде шоғырландырылатын болады. Қазіргі уақытта министрлік мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп, нені қосу, не қоспау туралы ұсыныстарды пысықтап, толықтыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік кодекс шеңберінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін енгізуге қатысты да мәселе туындайды. Әділет министрлігі жобаны 2022 жылдың қыркүйегіне қарай алады және еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, осы Кодекстің негізгі ережелерін толығырақ баяндайтын болады» дейді заңнама департаментінің директоры Алма Мұқанова.

Сондай-ақ министр ведомствоның адвокаттық кәсіби қауымдастықпен түсіністік орнатқанын мәлімдеді. 

«Адвокаттардың алаяқтық әрекеттерінің немесе біліктілікке сәйкес келмеу фактілері көп. Меніңше, оларды анықтап, одан әрі өзін-өзі реттейтін ұйымдар бақылайды. Өкінішке орай, қазір адвокаттар алқасы Германия, Англия, АҚШ елдеріндегідей барлық функцияларды орындау үшін жеткілікті дәрежеде дамымаған, бірақ болашақта бұған қолжеткізуіміз керек. Мен кәсіби ұйымдардың өзін-өзі реттеуін қолдаймын. Алғашқы қадамдар 2017 жылы әділет министрлігі әзірлеген және 2018 жылы Парламент қабылдаған адвокатық қызмет және құқықтық қызметтер жөніндегі заң жобасы аясында жасалды. Енді осы немесе басқа тестті қосымша немесе адвокаттардың жұмысын қосымша тексеруді енгізу мүлдем тиімсіз деп санаймын. Себебі бұл жүйелік емес тәсіл болады. Сонымен қатар, осы салада жүргізілген барлық реформалар адвокаттық қоғамдастықтың өзімен белсенді және егжей-тегжейлі талқыланды. Бүгінде Әділет министрлігінде адвокаттық кәсіби қауымдастықпен түсіністік орнатылғанын айта аламын. Атап айтқанда, адвокаттар алқасының жаңа төрағасы ретінде Айдын Бекебаевтың тағайындалуын құптаймын. Онымен алдағы реформалар бойынша талқылаулар апта сайын өтеді» деді министр.
 

Сондай-ақ оқыңыз