Барлық қазақстандық туристер 19 қаңтарға дейін елге оралады
Шетелде қалып қойған барлық қазақстандық туристер 19 қаңтарға дейін отанына қайтарылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік рейс арқылы 7361 турист оралғаны атап өтілді.
«17 қаңтардағы жағдай бойынша рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист оралады деп күтілуде, оның ішінде Таиландта 192, Шри-Ланкада 25, Мальдив аралдарында 34 және Гоада 24 турист. 19 қаңтарға дейін барлық ұйымдасқан туристер Қазақстанға оралады», – делінген хабарламада.
Министрлік туроператорлар Қазақстан консулдықтарының қолдауымен туристерді шетелдік қонақүйлерде өз қаражаты есебінен орналастыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.
Шетелде жүрген барлық туристер рейстердің кейінге қалдырылғаны туралы ескертіледі.