Әлемдегі ең қарт ер адам қайтыс болды

Жарияланды
Ол 112 жаста болған

Гиннестің рекордтар кітабының сайтында әлемдегі ең қарт адам испандық Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия Леонда 112 жасында қайтыс болғаны туралы хабарлады. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

 «Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия 112 жас 341 күнде үйінде қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Ер адам 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, ол кезде ол 112 жас 211 күн болды. Сатурнино де ла Фуэнте 1909 жылы 11 ақпанда Леон қаласында дүниеге келген.

Көзі тірісінде ол кісі кішкентай болғандықтан (150 сантиметр) Испаниядағы Азамат соғысы кезінде (1936-1939) әскерге алынбағанын, кейін жеке аяқ киім кәсіпорнын ашып, сарбаздарға аяқ киім тіге бастаған. Ол бос уақытында футбол ойнап, туған қаласы – «Культураль Леонес» командасына қолдау көрсетті.

 Сатурнино де ла Фуэнта мен оның әйелінде жеті қызы болды. Олардың  14 немере, 22 шөбересі бар.
 

Сондай-ақ оқыңыз