Жаңаөзен қаласына «ерекше аумақ» мәртебесін беру керек– Сенатор

Жарияланды
Сенат депутаты қаладағы жұмыссыздық мәселесін шұғыл шешу керек деді

Жаңаөзеннің негізгі мәселесі жұмыссыздық болып отыр. Осы мәселе шұғыл шешілуі тиіс. Сенатор Сүйіндік Алдашев премьер-пинистрдің атына депутаттық сауалында осы мәселені көтерді.

Сенатордың айтуынша, соңғы 10 жылда Жаңаөзенде ауқымды жұмыстар атқарылған. Әлеуметтік нысандар салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Депутат қаланы тек мұнайға тәуелді етпей, оның даму бағыттарын әртараптандыруды, оның ішінде ауыл шаруашылығын, туризм саласын дамытуды, көлік-логистика әлеуетін күшейтуді ұсынды.

Бірақ моноқалалардың саны үнемі өсе түскендіктен жұмыссыздық мәселесі өткір күйінде қалып отыр.

«Еліміздің тәуелсіздік алған 30 жылда Жаңаөзен қаласының тұрғындары 60 мың адамнан 160 мың адамнан асты, және де жыл сайын 3500 адамға өсіп отыр».

Сүйіндік Алдашов

Енді қазір екінші сұрақ пайда болады. Кен орнында жылына 5,3-5,5 млн тонна мұнай өндіріледі. Мамандардың мәліметтері бойынша алуға болатын мұнай қоры шамамен 150 млн тоннаны құрайды. Бұл қор 30-35 жылға есептелген. Депутаттың пікірінше, бұл уақытты барынша тиімді пайдалану керек. Өйткені Жаңаөзен моноқала ретінде өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай отыр. Депутат осыған байланысты аталған мәселенің бірқатар шешімдерін ұсынды.

«Кенорынға қажет құрал жабдықтардың, материалдардың тізімін жасап қайсы бірін жергілікті шағын, орта кәсіпкерлеріне тікелей тапсырыспен көпжылдық мерзімге беру керек. Қала аумағына «Ерекше аумақ» статусын беру мүмкіндігін қарастыру, қажет болса «ӨзенМұнайГаз» АҚ жарғысына өзгеріс енгізуді қарастыру керек».

Сүйіндік Алдашов
Сондай-ақ оқыңыз