Еліміздің 3 өңірі « қызыл» аймақта
Жарияланды
10 өңір «жасыл» аймаққа өтті
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын ұсынды.
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.