Биыл көктемде қанша елді мекенді су басуы мүмкін

Жарияланды

Бұл қауіп 285 елді мекен үшін сақталады

Су басу қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-інде мұндай қауіп сақталады. Бұл туралы 22 ақпанда өткен үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.

Ильин солтүстік және орталық облыстардың әкімдіктері елді мекендерді, әсіресе ауылдық және су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қардан шығаруды күшейту қажеттігін атап өтті. 22 ақпандағы мәлімет бойынша, қазірдің өзінде 5,3 миллион текше метр қар шығарылды.

Қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдау нәтижесінде, сондай-ақ қар астында мұз қыртысының болуын ескере отырып, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының қаупі жоғары. Тәуекелдің орташа деңгейі – Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында.

Сондай-ақ оқыңыз