Қанат Бозымбаев  энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолын айтты

Жарияланды

Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижесінде 64 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

Алматы облысында толық энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев  мәлімдеді.

Қазіргі күні облыста  электр энергиясын тұтыну  730,65 МВт құрайды. Оның ішінде меншікті өндіріс 313,18 МВт, оның ішінде ЖЭК үлесі – 78 МВт немесе 25%. 2025 жылға дейін жалпы қуаты 398 МВт болатын 320,2 млрд.теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Биыл  179,5 МВт құны 98,7 млрд.теңгені құрайтын 6 нысан іске қосылады.

«Елімізде бірнеше жылдан соң, энергия тапшылығы болуы мүмкін. Жыл сайын энергия көздерін қолдану артып келеді. Сондықтан, бізде энергия қоры болуы тиіс. Әрине, халықта «Чернобыль» оқиғасынан кейін қорқыныш бар. Алайда, біз алға жылжуымыз тиіс. Мен қазір өңір басшысы ретінде станция салынатын орынды таңдауда көмектесуім керек. Ал, станция Балқаш та ма әлде, Ертісте салына ма білмеймін. Алайда, бұл мәселеге өте мұқият келу керек. Және де ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ал, елімізде неілктен атом электр станциясы салынбақшы. Себебі, бұл экологиялық таза  табиғи таза энергия» -деді Қанат Бозымбаев.

Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижесінде 64 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз