Жетісуда жалпы өңірлік өнімдегі туризмнің үлесі 6% – ға өседі
Жарияланды
(жаңартылды )
Алматы облысы туризм үшін қолайлы аймақ
Алматы облысы туризм мен белсенді демалыстың алуан түрлері үшін қолайлы аймақ. Сондықтан да өңірдің туристік саласы қарқынды дамуда.
«Дұрыс көзқараспен туризм саласын экономиканың толыққанды драйверіне айналдыруға болады. Басымдық Алматы тау кластерін, Алакөл және Балқаш жағалауларын, ұлттық табиғи саябақтардағы экологиялық туризмді дамытуға беріледі», – деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ өңір басшысы өз сөзінде Алматы тау кластері аясында жалпы сомасы 546,7 млрд. теңгеге 8 жобаны жүзеге асыру және 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда екенін айтып өтті.
Аталмыш жоба жүзеге асса, 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі туризмнің үлесі 6% – ға дейін артады.