Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді
Жарияланды
Ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды жоспарлап отырғанын айтты
Ол Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram арнасы хабарлады.
Сондай-ақ, Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасына кінәлілер жазаға тартылуы керек екенін айтты
«Қаңтардағы қайғылы оқиғалар Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Болған оқиға – халқымыз үшін үлкен қасірет. Барлық оқиғаға мұқият және объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Кінәлілер жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек», – деді экс-депутат.