Қазақстанның экономикалық бағыты өзгереді

Жарияланды
Үкімет «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам» бағдарламасын әзірледі

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстаның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беріліп,  үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Президент 11 қаңтарда өткен мәжіліс отырысында осы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Еліміздің 2021 жылғы  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша:

●    Жалпы ішкі өнім өсімі 4%-ті құрады;
●    Тұрақты экономикалық өсімнің негізгі факторы  нақты сектор болды.
●    Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  3,8%-ке өсті;  
●    Тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда,  негізгі капиталға салынған инвестиция  9,5%-ке ұлғайды; 
●    Тікелей шетелдік инвестициялар  өткен жылдың 9 айында  шамамен 50%-ке өсіп,  18,8 млрд. долларды құрады.

Сондай-ақ, былтыр 11 айдың қорытындысы бойынша  сыртқы сауда айналымы 15,4%-ке өсіп,  91,4 млрд. долларға жеткен.

Ал, тауар экспорты  25%-ке артып,  54,5 млрд. долларды құраса,  импорт көлемі 4,2%-ке өсіп,  шамамен 37 млрд. доллар болды.

Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында  жыл басында мемлекет басшысы  үкіметке 108 тапсырма берген. Әлихан Смайылов бүгінгі күні  44 тапсырманың орындалғанын айтып өтті. Қоғамдық тәптіп қалпына келтіріліп, коммуналдық қызмет бағасына 6 айға мораторий енгізіліп, жанар-жағармай мен газға  шекті бағалар белгіленді
Утилизациялық алымдар мемлекетке беріліп, 100% мемлекеттік ұйым  «Жасыл даму» акционерлік қоғамы  жауапты оператор болып айқындалды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылып, оған бүгінгі күні 115 млрд. тенге қаражат жиналған. Батыс өңірлердің  әлеуметтік-экономикалық дамуының  кешенді жоспары қабылданды.

Бұған қоса  32 тапсырманың орындалуы аяқталуға жақын.

«Оның ішінде, Халықтың табысын арттыру бағдарламасын  және Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу,  сондай-ақ  квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша  нақты жұмыстар атқарылады.Қалған 32 тапсырма жүйелі сипатқа ие және қойылған мерзімдерде орындалады» деді премьер-министр. 

Үкімет  «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты с-қимыл бағдарламасын әзірлеген. 

Бүл бағдарлама  орта мерзімді кезеңге арналған Жаңа экономикалық бағытты қалыптастырудың  бірінші кезеңі болып табылады.

Құжатта  макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету,  экономиканы әртараптандыру,  кәсіпкерлікті дамыту,  халықты жұмыспен қамту  және адами капиталды дамыту бойынша  нақты іс-шаралар қамтылған.Бағдарлама аясында  4 бағыт бойынша  шамамен 500 іс-шара көзделген.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыты бойынша әлеуметтік маңызы бар тауар өндірісі жолға қойылмақшы. Үкімет инфляцияны да төмендетеміз деп отыр. Жанар-жағармай тапшылығын болдырмас үшін ішкі нарыққа қосымша 150 мың тонна сұйытылған газ шығарылып, 2024 жылға дейін газ бағасы қымбаттамайды. Оған қоса суға да дифференциал тариф енгізіледі. 

Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалады. «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректі» үлкен өзгеріс күтіп тұр. Орта және шағын бизнесті қолдау шаралары қолға алынады. 

Жалпы құны 4,7 трлн теңгеден асатын 254 индустриялық жоба жүзеге асырылмақ. Осы жобаларды іске асыру  нәтижесінде 2025 жылға қарай 46 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына  басымдық беріледі. Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізе отырып,  агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін  әрі қарай жетілдіру көзделген..
 

Сондай-ақ оқыңыз