БҚО-да Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті ұсталды

Жарияланды
Ұсталған азаматта «Москва» сауда орталығында ұрланған тауарлар анықталды

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі тонауға қатысы бар күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Оның көлігін тінту кезінде полицейлер 23 ұялы телефонды тапты. Ресейлік есепте тұрған ВАЗ-2110 автокөлігі рейд кезінде тоқтатылды. Полицейлерде болған жедел ақпарат бойынша, 5 қаңтарда Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде осы көліктің жүргізушісі «Москва» сауда үйін тонауға қатысқан.

Ол 31 ұялы телефонды, 3 ноутбукты және 3 планшетті ашық түрде ұрлаған. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыз