ЖҚЖК аясында 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жарияланды
ЖҚЖК жобалары 4 негізгі бағытқа бөлінген

2021 жылы Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде 12,3 мың жұмыс орны құрылды, олардың басым бөлігі іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілді.Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

ЖҚЖК жобалары 4 негізгі бағытқа бөлінген:

– халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

– ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;

– агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

– өңірлерде бизнесті дамыту.

Қазіргі уақытта ЖҚЖК бірінші бағыты аясында құрылыс жұмыстары 248 инфрақұрылымдық жобада жүргізілуде, оның ішінде 43 жобада (Жамбыл облысында – 25, Шымкент қаласында – 6, Павлодар облысында – 4, Қостанай облысында және Батыс Қазақстан облысында – 2 және Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 1-ден) құрылыс жұмыстары аяқталды және оларда 382 тұрақты жұмыс орны құрылды (Нұр-Сұлтан қаласында – 125, Қостанай облысында – 103, Жамбыл облысында – 90, Атырау – Шығыс Қазақстан – 30, және Шымкент қаласында – 27).

Осылайша, бірінші бағыттың іске асырылып жатқан жобалары аясында 10,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз