Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 210 миллион теңгенің контрабандасының жолы кесілді

Жарияланды

Олар Қазақстанға электронды темекінің ірі партиясын әкелмек болған

Қазақстандық шекарашылар Жамбыл облысындағы «Айша бибі» бақылау-өткізу бекетінде Қырғызстаннан заңсыз тасымалданатын ірі көлемдегі электронды темекінің жолын кесті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі жүк көлігін тінту кезінде контрабандалық жүк табылды. Екеуін де Қырғызстан азаматтары жүргізген. Оларда электронды темекіге қатысты құжаттары болмаған.

Алдын ала болжам бойынша, жүктің құны шамамен 210 миллион теңгені құрайды.

Ұсталған тауарлар мен көліктер процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Сондай-ақ оқыңыз