Тоқаев әкімдерді жаңа әдіспен тағайындайды
Мемлекет басшысы жанама сайлау туралы айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті мәслихаттар депутаттарының пікірін ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайды. Бұл туралы ол 16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.
«Президенттің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері лауазымдарына баламалы негізде кемінде екі кандидат ұсыну құқығын реттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, президент мәслихаттарда қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайды. Шын мәнінде, біз жанама сайлау туралы айтып отырмыз», – деді ол.
Тоқаев сондай-ақ мемлекет басшысының өңірлер басшыларын мәслихаттармен кеңеспей-ақ босату құқығын сақтайтынын айтты.