Nestle Ресейде тек негізгі тауарларды шығаратын болады
Жарияланды
(жаңартылды )
Оларға балалар, медициналық және ауруханалық тамақтану кіреді
Швейцариялық Nestle компаниясы Ресейде тек балалар тағамы немесе денсаулыққа арналған тағам сияқты ең қажетті тауарларды өндіріп, сатады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Компания Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдегі қызмет пайда табуға емес, негізгі өнімдерді қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.
Бұған дейін компания Ресей Федерациясына инвестиция салуды тоқтатып, бұл елде жарнама беруден бас тартқанын, ал Nestle-дің ресейлік зауыттары әдеттегідей жұмысын жалғастыратынын хабарлады.
Кейінірек Nestle Ресейден экспорттауды, сондай-ақ балалар тағамы, жарма, мамандандырылған тамақтану және үй жануарларына арналған дәрілік тағам сияқты маңызды тауарларды қоспағанда, Ресей нарығына импортты тоқтатқанын хабарлады.