Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жарияланды

Апат метеорологиялық жағдайда белгіленген жылдамдықты сақтамауы себеп болған

Ағымдағы жылдың 23 наурызында сағат 14.00-де 30 минутта Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай тас жолда 12 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апатқа кінәлілердің метеорологиялық жағдайда белгіленген жылдамдықты сақтамауы себеп болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ДП баспасөз қызметі хабарлады.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға қатысқан үш адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне шығарылды. Бұл мәселе бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге мүмкіндігінше көмектесіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – дейді Патрульдік полиция полкінің кезекші бөлімінің бастығы Айбек Нартпаев.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуге бармауды, арақашықтықты және көлденең аралықты сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз