Шымкентте кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды

Жарияланды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

Шымкентте GAP өндірістік кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды, – деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, сенгіш азаматтармен тұрғын үй немесе көлік сатып алуға ақшалай көмек көрсету туралы келісім жасаған күдіктінің кім екені анықталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланды.

«Қаржы пирамидаларын құру ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті көздейді. Құрметті азаматтар, абай болыңыз және сақ болыңыз! Жинаған ақшаңызды күмәнді қаржы ұйымдарына инвестицияға салмаңыз », – деп толықтырды ведомстводан.

Сондай-ақ оқыңыз