Еуропалық Одақ әйелдерге арналған жаңа жобаны іске қосты

Жарияланды

Жобаның жалпы бюджеті: 277 738 еуро

Фото:depositphotos.com

Ашық та демократиялық үкімет болуы үшін қоғамдағы  әйелдер  мен жастар жағы өте белсенді болуы керек.  Олардың дауысы маңызды рөл атқаруы тиіс. Осы мақсатты көздеген Еуропалық Одақ Қазақстандық әйелдер мен жастардың  сауаттылығын арттыру үшін арнайы жобаны іске қосты.

Жобаның аты- ОАЕҚ «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» деп аталады. Бұл жобаны  «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» Қоғамдық Қорымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын болады. Жоба Қазақстанның негізгі аймақтарында әйелдер мен жастардың азаматтық шешім қабылдауға қатысуын және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі. Іске асыру мерзімі: 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қаңтарына дейін жалғасады. Жалпы бюджеті: 277 738 еуро, оның ішінде ЕО-тың үлесі 249 964 еуроны құрайды.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстанда барлық деңгейлерде жауапты, инклюзивті және ұжымдық шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында әйелдер мен жастардың рөлін күшейтуге арналған жаңа жобаны іске қосуда. Жобаны Еуропалық Одақ (ЕО) «Азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті өкімет» тақырыптық бағдарламасы аясында қаржыландырады. 

«Біздің жоба қазір бұрынғыдан да өзекті, өйткені ол әйелдер мен жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру жолында шешімдер қабылдау үдерісіне барынша кеңінен тартудың жаңа мүмкіндіктерін анықтап, алға жылжытады. Жаңа қоғамды құруға қарапайым азаматтардың қатысуы мен тиімділігін арттыру үшін біз озық тәжірибелер мен ұсыныстарды, құралдар мен шешімдерді әзірлейтін боламыз», – деді  , ОАЕҚ директоры Ринад Темірбеков

Жоба мақсатты азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартады және азаматтық қоғам ұйымдары мен бастамашыл топтар арасында азаматтық технология құралдарын пайдалану деңгейін арттырады.

«Қаңтар оқиғалары маңызды әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу үшін халық пен билік арасындағы байланыстың оңайлатылған түрі жоқ екенін көрсетті. Сондықтан елімізде азаматтық технологияларды дамытуда белсенді болғымыз келеді. Азаматтық технология – бұл технологияны өмірмен біріктіру, халқымыздың мүддесі үшін әрекет ететін ашық және демократиялық үкімет құрудағы прогрессивті болашаққа жол!», – дейді  ITeachMe директоры Захира Бегалиева ханым.

Сондай-ақ оқыңыз