Intel Ресейдегі қызметін тоқтатты
Жарияланды
(жаңартылды )
Intel электрондық құрылғылар мен компьютер компоненттерін жеткізуші жетекшілердің бірі
Электрондық құрылғылар мен компьютер компоненттерін жеткізуші жетекшілердің бірі американдық Intel компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтатқанын хабарлады. Мұндай шешім Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қабылданғаны атап өтілді, деп хабарлайды ТАСС компанияның баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Компания қазіргі уақытта мыңнан астамы Ресейде жұмыс істейтін өз қызметкерлерін қолдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Наурызда Intel өз өнімдерін Ресей мен Беларуське жеткізуді уақытша тоқтатқаны белгілі болды.