Шанхайда 100-ден астам уақытша модульдік ауруханалар шұғыл түрде салынды

Жарияланды

Бұл емдеу орындары шамамен 160 мың науқасты қабылдай алады

Шығыс Қытай мегаполисі Шанхайда коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін 100-ден астам уақытша модульдік ауруханалар шұғыл түрде салынды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

Бұл емдеу орындары шамамен 160 мың науқасты қабылдай алады.

Шанхай вице-мэрі Цзун Мидың айтуынша, алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайға байланысты тағайындалған ауруханалар мен уақытша модульдік госпитальдарды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету ұлғайтылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз