Қазақстанда әскери шерудің өтпеу себебі белгілі болды

Жарияланды

Толық ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінде айтылды

Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеу және армияның бірінші кезектегі міндеттерін шешу қажеттілігі үшін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай дәстүрлі әскери шеру биыл жоспарланбаған.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 2022 жылы Қазақстанда әскери шеру «бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты» жоспарланбаған.

«Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындау басымдық болып табылады», – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі биыл әскери парад болмайтынын хабарлаған болатын. Оның орнына әскери-патриоттық шаралар жоспарланған. Ведомствода жеке блок Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шараларынан тұратынын атап өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізу жоспарланған.

7 мамырда республикада мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – мемлекеттік мереке – Жеңіс күні тойланады.

Сондай-ақ оқыңыз