Жәнібек Әлімханұлына жаңа салмақта қарсылас ұсынылды

Жарияланды (жаңартылды )

Оған қарсылас ретінде  американдық Калеб Плантты ұсынды

Фото:Хабар24

Youtube-тегі «Боевая провинциясы» арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (11-0, 7 КО) өз салмақ санатында емес деп есептейді. Бұл туралы  Sports.kz. сайты хабарлады.

Әлімханұлы 168 фунтқа дейін көтеріліп, американдық Калеб Плантпен  (21-1, 12 КО) күресуді ұсынады.

«Әлімханұлы өз салмақ дәрежесінде өнер көрсетпейді. Оның бойы 182 сантиметр, ал ол орта салмақта. Ол суперортаға көтерілуі керек – бұл минимум. Неге екені белгісіз, олар жоғары көтерілуге ​​қорқады. Ал орта салмақта тек Головкин қалды – ол жерде басқа ешкім жоқ. Әлімханұлы жартылай ауыр салмақта да жұдырықтаса алады. Ал суперорта салмақта Калеб Плантпен жұдырықтассын.  Калеб мықты боксшы», – дейді арна авторы.

Сондай-ақ оқыңыз