БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинадан 5,3 миллионға дейін адам кеткен

Жарияланды (жаңартылды )

Польшаға Украинадан үш миллионға жуық босқын келді

24 ақпан мен 25 сәуір аралығында 5 264 767 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасын кесіп өтті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) хабарлады.

Соғыс басталғалы бері үйлерін тастап кеткен босқындардың жалпы саны 8,3 миллион адамға жетеді деп күтілуде, олардың кейбірі ел ішінде қоныс аударғандар.

БҰҰ БЖКБ мәліметінше, 24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшада.

Осылайша, Польшаның 2 922 978, Румынияның 782 598, Ресейдің 614 318, Венгрияның 496 914, Молдованың 435 275, Словакияның 357 560, Беларусьтің шекарасынан 24 578 босқын өтті.

Бұл сандарға қоса, БҰҰ БЖКБ 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адам қашып кеткенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз