Өскемен тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды

Жарияланды

Ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген

Өскемен тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Көп жылдар бойы 63 жастағы ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген, құжатын жоғалтып алып, қазақстандық жеке куәлік рәсімдей алмай жүрген.

Оның алған жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты болған, бірақ өкінішке орай оны жоғалып алған.

Көші-қон қызметінің және тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынына туу туралы куәлігін қалпына келтіріп, Қазақстан Республикасының азаматы екенін растау үшін қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, одан әрі ҚР азаматының жеке куәлігіне ресімдеді. Енді әйел жасына байланысты зейнетақы рәсімдеп, денсаулық сақтау қызметтерін ала алады.

Сондай-ақ оқыңыз