ИГ өз басшысының қаза болғанын мойындады

Опубликовано
Террористер жаңа басшыларын таңдады

«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (ҚР тыйым салынған) өздерінің басшысы Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылғанын мойындады, деп хабарлайды содырларға бағынышты ақпарат арналарына сілтеме жаған Би-би-си, деп жазады Интерфакс-Казахстан.

Сонымен қатар, қаза болған көсбашының ізбасары таңдалғаны туралы да хабарланады – лаңкестердің жаңа жетекшісі болып Абу Ибрагим аль-Хашеми аль-Курейши сайланыпты.

Өткен жексенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы арнайы операция барысында аль-Багдадидің көзі жойылғанын хабарлаған болатын. Пентагон аль-Багдадидің өлімінен кейін Вашингтонның лаңкестік топты кім басқаратынын бақылап отырғанын және барлық күш осы содырларды жоюға бағытталатынын мәлімдеді.

Артынан, Трамп ИГ-ға басшы болға ұмтылған алғашқы үміткердің көзі жойлғанын хабарлады. Бірақ ол үміткердің атын атаған жоқ және оның қашан өлтірілгені туралы да айтпады.

Читайте также