БҰҰ Сирияға 73 гуманитарлық жүк көлігін жіберді
Жарияланды
(жаңартылды )
Гуманитарлық көмек Идлиб қаласы мен оның маңындағы аудандардың тұрғындарына таратылады
БҰҰ Сирияға 73 гуманитарлық жүк көлігін жіберді. Бұл туралы Анадолу агеттігі хабарлады.
Гуманитарлық көмек Идлиб пен оның төңірегіндегі мұқтаж жандарға таратылады.
Сириядағы соғыс 2011 жылдың наурыз айында, әскерилер демонстранттарға оқ жаудырғаннан кейін бейбіт шерулер қарулы қақтығысқа ұласқан кезде басталды.
БҰҰ мәліметі бойынша, қақтығыс кезінде 400 мыңнан астам адам қаза тапты, 10 миллионнан астамы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 4,8 миллион адам елден тыс жерлерді паналаған.