Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды

Жарияланды (жаңартылды )
Ұшақ қанатына мұз қатып қалуы мүмкін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air әуе компаниясының Fokker-100  ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Апат 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы қаласы әуежайы маңында орын алған еді.

Қорытынды есеп Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросымен, Мемлекетаралық авиация комитетімен келісілді.

«Комиссия қорытындысына сәйкес, «Бек Эйр» ұшағы  әуеге көтерілген кезде, қанаттының күш түсетін қасиеттері симметриясын жоғалтуы салдарынан апатқа ұшырағаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақта оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежай қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр жерде тұрған екі қабатты  жеке үйге соғылған» делінген хабарламада.

Қорытынды есептің толық нұсқасы ҚР ИИДМ сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жыл желтоқсан айының соңында апатқа ұшырады. Апаттан 12 адам қаза тапты, оның ішінде әуе кемесінің командирі бар, 67 адам жарақат алды. Ұшақ бортында барлығы 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған.

Сондай-ақ оқыңыз