Тоқаев Путинге телефон соқты
Жарияланды
Мемлекет басшылары сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы дамуының қазіргі жай-күйін жан-жақты талқылады.
Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шартына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.