«Оқуда орын алған мәселені шешіп беремін». Семейлік студент алаяққа алданып, 1,3 млн теңгесінен айырылды

Жарияланды

Алаяқ ұсталып, кінәсін мойындады

Семейлік студент алаяққа алданып, 1,3 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Семей қалалық ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 20 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, бейтаныс әйел оқуда орын алған мәселені шешіп беремін деп алдап, 1,3 млн теңгеге жуық ақша қаражатын иемденіп алғанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы жұмыссыз қала тұрғынын анықтап, ұстады, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.

Күдікті қаражатты қажеттілігіне жұмсап тастағанын айтқан. Белгілі болғандай, күдікті осыған дейін жәбірленуші білім алып жүрген университетте оқыған болып шықты. Күдікті әйелге келу міндеттемесі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз