Қазақстанда 5G енгізу жұмысы қалай жүріп жатыр?

Жарияланды
2021 жеке операторларға үш қалада 5G технологиясын тестілеу құқығы берілген

2021 жылы жеке операторларға Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте 5G технологиясын тестілеу құқығы берілген еді. Жүргізілген сынақтар жақсы нәтиже көрсетікен: жиілікті қамтудың тиімді аймағы – 10 шаршы км астам, жылдамдық көрсеткіші – 1,6 Гбит/с дейін, кідіріс деңгейі – 10 мс кем болған. Бүгін цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтіп, премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде  мобильді байланыстың бесінші буыны – 5G енгізу бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Жиын барысында мемлекеттік органдардағы бизнес-үдерістердің реинжинирингі, азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзетудің оңайлатылған механизмін енгізу, сондай-ақ бесінші буындағы ұялы байланысты енгізу және дамыту (5G/IMT) барысы қаралған.

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қазіргі кезде 100-ден астам бизнес-процесс бойынша жұмыс жүріп жатыр: оның 55-і бойынша реинжиниринг жүргізілсе, 35-і мемлекеттік органдардың келісуінде, 43 бизнес-процесс сипатталып, рәсімделді.

Тағы бір маңызды мәселе, қазіргі уақытта Қазақстанда 5G/IMT бесінші буындағы ұялы байланыс стандартын енгізіліп жатыр. Жүргізілген сынақтар жақсы нәтиже көрсетікен: жиілікті қамтудың тиімді аймағы – 10 шаршы км астам, жылдамдық көрсеткіші – 1,6 Гбит/с дейін, кідіріс деңгейі – 10 мс кем. 2021 жылы жеке операторларға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G технологиясын тестілеу құқығы берілген.

Әлихан Смайлов 5G желілері үшін жиілік бөлу тетіктерін қосымша пысықтап, жаңартылған ұсыныстарды Комиссияның қарауына қайта енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз