2021 жылы Нұр-Сұлтан бюджетіне 455 млрд астам қаражат түсті

Жарияланды

Жоспар 8,8 пайызға артығымен орындалды

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне 720 млрд 378 млн теңге түсім түсті. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне 720 млрд 378 млн теңге түсім түсті. Жоспар 43 млрд 156 млн теңгеге артық орындалды. Өзіндік кірістің жалпы көлемі 496 млрд 264 млн теңгені құрап, 9,5 пайызға артық орындалды. 455 млрд 273 млн теңге салық, 13 млрд 847,9 млн салыққа жатпайтын түсім түсті. Бұл ретте бюджеттік кіріс бөлігінің 45 млрд 849 млн теңгеге артық орындалуы салық түсімдерінің есебінен қамтамасыз етілді. Салық емес түсімдер жоспары 1 млрд 122 млн теңгеге артық орындалды. Жылдық жоспар 12 млрд 725 млн теңге болған еді», -деді Әліби Жұмаев қалалық мәслихат отырысында.

Оның атап өтуінше, негізгі капиталды сатудан 27 млрд 143 млн теңге түсті.

«Есепті жылда қаржы басқармасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге сомасына мемлекеттік құнды қағаздар шығарды. Сонымен қатар Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру аясындағы іс-шараларды қаржыландыру үшін 3 млрд 216 млн теңгеге мемлекеттік құнды қағаздар шығарылды», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз