Конор МакГрегор кәсіпқой боксқа қайта оралатынын мәлімдеді
Жарияланды
(жаңартылды )
Бұрынғы UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор болашақта кәсіпқой бокстағы мансабын қайта жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.
«Бокс – менің сүйікті жекпе-жек өнерім. Мен ол жерде ұмытылмас уақыт өткіздім. Әрине, менің келесі жекпе-жегім UFC-де болады, өйткені бұл оқиға әлі аяқталған жоқ. Негізінде ол енді ғана басталып жатыр. Бірақ болашақта мен кәсіпқой бокс әлемін өз өнерлеріммен таңқалдырам», – деді МакГрегор.
Еске салайық, МакГрегор бұған дейін профессионал бокста бір жекпе-жек өткізген. 2017 жылдың тамыз айында ирландиялық кіші Флойд Мейвезерге қарсы рингке шығып, оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.