Депутат бастауыш сыныптарда шет тілін оқу қажеттілігіне күмән келтірді

Жарияланды

Ол басқа мемлекеттердің тәжірибесіне мысал келтірді

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы маусымның 2-сі күні Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында бастауыш сыныптарда шет тілін үйрену қажеттілігіне күмән келтірді.

Оның айтуынша, депутат тілге тиек еткен ұстаздардың көбі білім саласында болып жатқан өзгерістерге наразы.

Атап айтқанда, ол соңғы бес жылда «Білім туралы» заңға 29 өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, білім беру стандарты 2000-2017 жылдар аралығында жеті рет өзгергенін еске салды. Әр өзгеріс сайын оқулықтардың мазмұны жаңарып, жаңа оқулықтарды басып шығаруға қыруар қаржы жұмсалады.

Сондай-ақ оқыңыз