АҚШ Украинаға айына 1,5 миллиард доллар жіберуге шешім қабылдады
Жарияланды
(жаңартылды )
АҚШ Киевке айына 1,5 миллиард доллар жібереді
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Дерек Хоган Украина үкіметін қолдау үшін 4-5 ай бойы Киевке айына шамамен 1,5 миллиард доллар жібереді деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Америкалық дипломаттың айтуынша, Киевтегі үкіметке тікелей қолдау көрсету АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.