Алматыда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Жарияланды
Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған.
Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру барысында ұзақ уақыт рейдерлікпен айналысқан қыомыстық топты ұстады.
Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.
Бүгінгі таңда Департамент олардың рейдерлік шабуыл жасағаны 4 дерек бойынша іс қозғаған,
Сонымен қатар, аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан.
Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған.