Алты айда бөлшек сауда көлемі 6083,3 млрд теңгеге жеткен

Жарияланды
Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2% жоғары

2022 жылғы қаңтар-маусым аралығында бөлшек сауда көлемі 6083,3 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2% жоғары. Жеке кәсіпкерлердің тауарларын бөлшек саудада өткізу көлемі 5,2% өсті, деп хабарлайды ҰСБ.

Азық-түлік тауарларының жалпы бөлшек сауда көлеміндегі үлесі 32,9% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 67,1%.

Саауда-саттықтың басым бөлігі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиена құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1162,7 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күнді құрады.

Сондай-ақ оқыңыз